Елбасы Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне партияның белсене атсалысып келе жатқанын, оның халық алдындағы беделінің және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.

М.Құл-Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі жұмысы туралы да баяндады.


Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.