Елбасы Н. Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао бірқатар құжаттарды бекітті


Кездесу барысында тараптар бірқатар құжаттарды бекітті. Олардың басында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту туралы бірлескен декларация бар. Аталмыш  құжат екіжақты ынтымақтастықты жоғары деңгейге шығаруды  көздейді. Сондай-ақ бүгін Қазақстан мен Қытай Үкіметі арасында қоршаған ортаны қорғау  және валюта айырбастау салалары бойынша да келісім жасалды. Соңғысы қытайлық юаньның біздегі, ал теңгенің Қытайдағы валюта айырбастау пунктерінде емін-еркін қолданыста болуына мүмкіндік береді. Қытай басшысының сапары Қазақстанда әлі жалғаспақ. Ху Цзиньтао мырза  15   маусымда Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады.