Елбасы несиелік ресурстардың қымбаттығына байланысты мәселені бір айдың ішінде шешу туралы үкіметке тапсырма берді

Форумға қатысушы банкирлерге Елбасы: "инфляция көрсеткіші 6 процент екеніне қарамастан несиелер неге 20-22 проценттік өсіммен беріледі ?",- деген сауал тастады. "Сонда біз қаржы секторына не себепті барлық артықшылықты бердік ?",- деп Елбасы сауалды төтесінен қойды.

Н.Назарбаевтың айтуынша, елімізде "банк рэкеті " жұмыс істейтіндіктен бұл мәселені прокуратура өз бақылауына алуы тиіс.
Сондай-ақ, Елбасы несиелік ресурстардың қымбаттығына байланысты мәселені бір айдың ішінде шешу туралы үкіметке тапсырма берді.