Елбасы «Нұр Отан» партиясының съезін шақыру туралы қаулыға қол қояды


Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Twitter-де жазды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Ол Елбасының праймериздің өту барысын мұқият қадағалап, дауыс беруге қатысып, ең лайықты кандидаттарға дауыс бергенін еске түсірді. Айдос Үкібайдың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев партияны осы сайлауға мұқият дайындаған. Елбасының баспасөз хатшысы Тұңғыш Президенттің өткен жылы Саяси кеңес бюросының отырысында айтқан сөзін еске түсірді: «Біз жеңіске және ұзақ мерзімді саяси көшбасшылыққа бағытталғанбыз»