Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бала құқығы жөніндегі уәкіл институтын құру туралы тапсырма берді

«Қоғамдық бастау негізінде бала құқығы жөніндегі уәкіл институтын құру мәселесін әзірлеуді тапсырамын», - деп Н.Назарбаев бүгін Астанада «Бақытты отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарымен кездесу кезінде атап көрсетті.

Жетім балалар, қамқоршысыз қалған балалардың біртұтас жалпыұлттық деректер қорын құру қажет. Елімізде SOS-киндердорф балалар ауылы бар, отбасында тәрбиелеу бар. Мемлекет балалар үйіне жұмсайтын қаржыны олардың отбасында тұруына жұмсауға болады», - дейді ол.