Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Түркияға барады

«Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен, 5 тамыз күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға барады. Сапар барысында президенттердің жеке кездесуі және делегаттар арасында келіссөздер жүргізіледі. Біздің стратегиялық серіктесіміз Қазақстанмен барлық сала бойынша ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері және түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі қызметі талқыланады», деп хабарлайды ресейлік РИА Новости агенттігі түрік басшысының әкімшілігіне сілтеме жасай отырып.