Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтайды

Ислам үшін қасиетті ай болып саналатын Рамазан мен жыл сайынғы ораза тұту осынау үш күндік мерекемен аяқталады. Алладан шапағат күткендер бір ай бойы күндіз ораза ұстап, рахатшылықтан бас тартып, мұсылмандық парыздардың бірі- бес уақыт намазын қалт жібермей ұстанды.

Мерекенің басталғанынан хабар беретін айт намазы еліміздегі барлық мешіттерде таңертеңгі 8 сағат 40 минутта оқылды.
Ораза айт күндерінде мерекемен құттықтай келген қауым үшін молынан дастархан жайылуы тиіс.