Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ бас хатшысымен кездесті

Кездесуде ұйымның ағымдағы жұмысына қатысты мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланды.

«Нұрсұлтан Назарбаев ықпалдастық құрылым шеңберіндегі жан-жақты байланыстардың негізін қалау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті», - деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, президент технология мен бизнес саласында тиімді ынтымақтастық орнатуға ықпал ететін интеграциялық институттардың жұмысына жоғары баға берді».


Өз кезегінде Т.Мансұров ұйымның алдына қойған міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы баяндап берді.