Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаты Ғ.Қасымовты қабылдады

Парламенттің төменгі палатасының депутаты өзі басқаратын Қазақстан патриоттары партиясының республикадағы маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысты ұстанымы туралы Елбасын хабардар етті. Ғ.Қасымов сондай-ақ, Алматыдағы өзі сайланған депутаттық округ сайлаушыларымен жасап жатқан жұмыстары туралы әңгімелеп берді.

Кездесу барысында парламентте кеше ғана қабылданған "Сайлау туралы" заңға қатысты кейбір мәселелер де сарапқа салынды.