Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Түркіменстанға атбасын тіреді


Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Н.Назарбаев Түркіменстан басшысы Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен кездеседі.
Желтоқсанның үшінде Қазақстан, Түркіменстан және Иран президенттері Өзен-Берекет-Ғорған халықаралық темір жол магистралінің ашылу салтанатына қатыспақ.