Бұл туралы бүгінгі брифингте Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.
Ресми өкіл сондай-ақ, қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстанның атынан 49 спортшы қатысатынын мәлім етті.
Сочи Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын алып жүру құрметіне шаңғы жарысы бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасының мүшесі Ердос Ахмадиев ие болып отыр.