Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан президентін Қазақстанға шақырды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүкілхалықтық сайлауда жеңіске жеткен Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедовтің лауазымына ресми кірісу рәсімі Ашғабадтағы Рухыет сарайында болып өтті.

Рәсім аяқталғаннан кейін Қазақстан президенті мен Түрікменстан президентінің кездесуі болды. Гурбангулы Бердымұхаммедовтің кандидатурасын жақтап дауыс берушілердің жоғары деңгейін атап өткен Нұрсұлтан Назарбаев оны ел президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

Кездесу кезінде екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мәселелері мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды. Сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимыл саласындағы қандай да бір проблемалардың жоқтығы, халықаралық өзекті мәселелер бойынша біздің мемлекеттердің ұстаным жақындығы аталып өтілді.

Г.Бердымухаммедов президенттің шақыруын ризашылықпен қабыл алды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті