Президент Нұрсұлтан Назарбаев түркі тілдес мемлекеттер достастығының кезекті, үшінші саммитіне қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі өкілі Болат Садықов мәлім етті.
«16-тамызда президент Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан республикасының Габала қаласында өтетін Түркі тілдес мемлекеттер достастығы кеңесінің үшінші саммитіне қатысады», - деді ол дүйсенбідегі брифингте.