Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды.


Атап айтқанда, Махаббат Бекбосынова президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мұнымен қоса, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бірінші орынбасары Андрей лукин қызметінен босатылды.