Елбасы Өкімімен Ғ.Байжанов пен Д.Шәженова қызметтерінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

«Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметінен;

Дина Мэлсқызы Шәженова Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», делінген хабарламада.