Елбасы "Отан" республикалық саяси партиясының Қарағанды облыстық филиалының активімен кездесті

Ел президентін соғыс ардагерлері, мәдениет пен өнер қайраткерлері, ғылыми қызметкерлер, "Отан" партиясының белсенділері мен мүшелері қарсы алды.

- Саяси жаңғыртулар процесінде мен "Отан" партиясына үлкен үміт артамын. Біз партияны жан-жақты нығайта береміз әрі "Отанның" қатарынан басқарушылар даярлайтын боламыз, - деді президент кездесуде сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы "Отанның" белсенділеріне стратегиялық мақсатқа қол жеткізу - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі орайында бірқатар міндеттер жүктеді.