Елбасы өз жолдауында "Асар" нақты істер партиясына айналады деген пайымын жеткізді

Құрылтайға қатысушыларға арнаған жолдауында Елбасы "Асар" партиясына "Қазақстандағы тұрақты даму ағымдарын тұрақтандыру" жолындағы қадамдары мен күш-жігеріне жан-жақты ықпалдастық жасағаны үшін ризашылық білдірді. Мемлекет басшысының пайымдауынша, еліміздің саяси кеңістігінде жаңа бұқаралық бірлестіктің құрылуы "еліміз тұрғындарының азаматтық белсенділігінің артуы мен республиканы саяси және экономикалық дамытуға, сондай-ақ, қазақстандықтардың ортақ игілігі мен гүлденуіне бағышталған мемлекетіміздің стратегиялық жоспарларын қолдауды" білдіреді. Н.Назарбаев "партия мүшелерінің басым бөлігін жастар құрайтындығына" қанағаттанғандық сезім білдіреді.

ҚР президенті содай-ақ, өз жолдауында "елімізді дамыту жөніндегі 2030 стратегиясына сәйкес Қазақстан мейлінше кең ауқымды саяси міндеттерді шешуге кірісіп, дамудың жаңа кезеңіне ден қойды" деп атап көрсетті.
Мемлекет басшысы құрылтай жұмысына табыс тіледі.