Елбасы: Өзім тағайындайтын адамдардың сенімнен шықпауы жаныма батады

“Батады. Мен үшін кадрларды таңдау ең қиыны. Қателесесің бе, қателеспейсің бе. Біліміне, тәжірибесіне қарайсың”, — деп жауап берді Елбасы.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, әңгіме барысында Мемлекет басшысы қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті сауалдарға жауап берді.

Кездесуге қатысушылар “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.


Кездесуге “Қазақстан”, “Хабар”, “МИР” телеарналарының, “Айқын” газетінің, “Esquire” журналының, “Қазақпарат” ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.