Елбасы Палестинаны азат ету ұйымының өкілімен жүздесті

“Қазақстан президентімен кездесу аса пайдалы әрі конструктивті болды. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік, тұрақтылық пен ілгерілеушілікке бағытталған күш-жігеріне құрметімізді білдірдік”,- деді Палестина өкілі.

Палестинаны азат ету ұйымы өкілінің айтуынша, Қазақстан президентімен кездесу барысында сондай-ақ Палестина мен Израиль арасындағы шиеленіс тақырыбы да талқыланды. “Біз Қазақстан президентіне халқымыздың қандай ахуалда өмір сүріп жатқаны, Израиль тарапынан қандай қорлық көріп отырғаны туралы түсіндірдік”,- деді өкіл.

“Кездесу барысында мен Нұрсұлтан Назарбаевқа Палестина президентінің жолдауын табыс еттім”,- деді ол.

Палестина мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2005-жылы 32,8 мың долларды құрады.