Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жаңа сайлау заңына қатысты жұмыстар бір жылға жуық созылды. Нәтижесінде заң жобасының үкіметтік үлгісі негіз етіп алынды. Парламент бұл құжатты 2003-жылдың 26-желтоқсанында талқылай бастаған. Алайда, өзара келіспеушілікті еңсере алмаған депутаттар келісім комиссиясын құрды. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы" заң 2004-жылдың 15-наурызында қабылданды.