Басымдық берілетін заң жобалары арасында мемлекет басшысы Бюджеттік Кодекстің жобасын атады. Елбасының айтуынша, бұл Кодекс бюджеттік заңнамалардағы барлық ақтаңдақтарды толықтыра отырып бюджеттік қаржыландыру саласының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен бірге "Мемлекеттік тіркеу мәселесі бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы " заң жобасы басымдық берілген заңдар қатарында аталды. Елбасының айтуынша, бұл заң жобасында "заңды тұлғаларды тіркеуде жалғыз терезе принципін қолдану " үрдісі заңдастырылады. Сонымен қатар, жергілікті мемлекеттік басқару мәселесіне арналған заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы да айрықша маңызды заңдар санатына енгізілді. Н.Назарбаевтың айтуынша, бұл заң жобасы қазір парламенттің қарауына ұсынылып үлгерді.