Елбасы "Пекин-2008" Олимпиадасы алауының әлемдік эстафетасында шырақты елімізде бірінші болып алып жүгірді (толықтырылған нұсқа)

Тал түсте "Медеу" мұз айдынында Олимпиада алауының Алматыдағы эстафетасының салтанатты рәсімі басталды. Қазақстан президенті мұз айдынында орнатылған арнаулы сахнаға көтерілді.

Елбасының жанында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сиюнь мен 1980 жылғы олимпиада ойындарында грек-рим күресі бойынша чемпион атанған бірінші қазақ Жақсылық Үшкемпіров тұрды.

Алаңда түрлі жылдарда өз елі үшін Олимпиада "алтынын" жеңіп алған қазақстандық спортшылар сап түзеді.

Қазақстан президенті "Пекин-2008" Олимпиадасының басты нышанын Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжан Сиюньнің қолынан алып, стадиондағы жүгіріс жолағы арқылы алып жүгірді. 200 метр жүгірген президент алауды 2004 жылғы Афины Олимпиадасының алтын жүлдегері, боксшы Бахтияр Артаевқа табыстады.

Рәсім алдында Нұрсұлтан Назарбаев барлық Қазақстандықтарды олимпиада алауының эстафетасының басталуымен құттықтады.

"Спорт- дүниежүзі үшін бейбітшілік елшісі, ол адамдарды біріктіріп, халықтар, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы ықпалдастық көпірі болады. Мен бүгін Еуразияның жүрегінде, қазақтармен бірге құрлықтағы көптеген халықтардың ұрпақтары тұратын жерде олимпиада алауы жаңа екпінмен ұшқындай түседі деп сенемін", - деді президент.

Оның айтуынша, Олимпиада алауының Пекиннен кейін бірден дәл Қазақстанға келуі Қытай мемлекетінің және осы елдің басшысы Ху Цзиньтаоның достық қарым-қатынасы мен көзқарасының көрсеткіші болмақ.

"Біздің еліміз 117 әлемдік және азиялық олимпиада чемпиондарын тәрбиелеп шығарды және олардың жеткен табыстары біздің мемлекетіміздің беделін көтереді. Қазақстанның спортты дамытудаға қосқан үлесінің бағасындай еліміздің оңтүстік астанасы -Алматы 2011 жылғы ҮІІ қысқы Азиялық ойындарын өткізу құқығына ие болды", - деді Н. Назарбаев.

Еске сала кетейік, Алматы алғаш рет 2008 жылғы Пекинде өтетін Олимпиада қарсаңында Олимпиада алауы өтетін қалалардың қатарына алғаш рет енді.

Олимпиада қозғалысының тарихында алғаш рет Алматыға аумағы арқылы Олимпиада алауының шырағы жүріп өтетін трассада Пекин пен Афиныдан кейінгі үшінші қала болу мүмкіндігі бұйырды.

Жалпы осы эстафетаны ұйымдастырып өткізуге әлемнің 22 елі тартылады.

Грекияда жағылған Олимпиада алауы алдымен Пекинге жеткізіліп, одан Алматы мен басқа да елдерге жол тартады. Алау Олимпиада қарсаңында Қытай астанасына оралады.