"CNPC шетелдік инвестор ретінде Қазақстанда жұмыс істегелі 8 жыл болды. 16-желтоқсанда Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы аяқталады. Ол былтырғы жылдың 28-қыркүйегінде басталған болатын",- деді Чень Дэн.
"Мұнай құбырын тартып бітіру мен PetroKazakhstan акцияларын сатып алу CNPC мен "ҚазМұнайГаз" арасындағы ынтымақтастықтың жаңаша кезеңі басталғанын айғақтайды",- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың қазан айының аяғында CNPC International Ltd. PetroKazakhstan компаниясының акцияларының әрбіреуін 55 долларға сатып алды.
Нәтижесінде PetroKazakhstan компаниясы аяғында CNPC International Ltd. компаниясының толық жанама иелігіндегі бөлімшесіне айналды.