Елбасы премьер-министрге қандай міндеттер жүктеді?


Ал президент алдына есеп беруге келген премьер Серік Ахметовтың баяндамасы оптимизге толы. Экономикада даму бар, ішкі жалпы өнімнің өсімі 6 пайыздан кем болмайды деп сендірді. Елбасы Үкіметтің жұмысы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, қысқы жылыту маусымына уақытылы әзірленуі, астықты ысырап қылмай жинап алу секілді міндеттерді қаншалықты тиянақты атқарғандығымен бағаланатынын қатал ескертті. Оның үстіне Министрлер кабинетінің қай жерден мүлт кеткені алдағы жұмада белгілі болмақ. 11-ші қазанда Нұрсұлтан Назарбаве Үкімет мүшелерін жинап арнайы кеңес өткізеді.