Елбасы Қарашығанақ өңдеу кешені құрылысының аяқталуына арналған митингіге қатысады

Қарашығанақты аралау барысында Н.Назарбаев сондай-ақ, КИО жобасына қатысушы "Бритиш газ", "Лукойл" және "ШевронТексако" компанияларының басшыларымен жүздеспекші.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сол күні түстен кейін Елбасы Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданын аралайды. 2-тамызда Н.Назарбаев облыстың Зеленовский және Тасқала аудандарында болып, ондағы егін орағына дайындық жұмыстарының барысымен танысып , агроөнеркәсіп кешенің қызметкерлерімен кездеседі.