Елбасы қазақ елі үшін қауіпті 5 сын-қатерді атап берді

Оның ішінде әлемді жайлаған экономикалық әрі геосаяси дағдарыс, экстремизм мен миграциялық қауіп және шикізаттың құнсыздануы аталды. Әлбетте, қуатты да біртұтас ұлт болып, мұның бәрін жоюдың анық, сарапталған шешімдері бар. Ол 5 институционалдық реформа мен Ұлт жоспарында көрсетілген бекем ұстанымдар мен бағыт-бағдарлар. «Межеленген нәтижеге сеніммен жету үшін заманға бейімделген, тиімді, жемқорлықтан ада мемлекеттік аппарат қажет», - дейді Н.Назарбаев. Ал жетекші билікке қарап бой түзеп, ақ адал еңбек ететін қарапайым бұқара үшін 2016-19 жылдар ішінде 395 мың жұмыс орны ашылып, қолайлы жағдай жасалмақ. Мұғалім, дәрігер, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегін лайықты бағалау үшін еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі ұсынылады. Ол мақсатта қазынадан 273 млрд теңге бөлінбек. Мұның бәрі Мемлекет басшысы төрағалық еткен жетекші партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттер.


«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзін мына жерден тамашалай аласыздар.