Мемлекет басшысының пікірінше, "қазақ тіліне деген сұраныс обьективті сипатқа көшті". "Егер еліміз тәуелсіздікке ие болған сәтте қазақ тілінде білім беретін мектептердің үлес салмағы 34 процент болса, қазір ол 60 процентке жетті",- деді Н.Назарбаев. "Қазақтар басым тұратын облыстарда іс қағаздарын жүргізу ешкімнің мүддесін аяққа таптамау үшін синхронды тәржіма негізінде жаппай қазақ тіліне көшірілді. Сондай-ақ, "отандық телеарналарда бағдарламалардың тең жартысын қазақ тілінде тарату тәртібі енгізілді". "Нарық заңдылығына сәйкес болмаса да", телерадиоарналардағы жарнама екі тілде шығарылуда",-деді президент. "Тәуелсіздік жылдарында қазақ тіліндегі басылымдар саны өткен 70 жылдағыдан да артты, бұл тамаша көрсеткіш", дейді Елбасы. "Мемлекетіміз қазақ тілін дамыту үшін көп нәрсе тындыруда деп нық сеніммен айтуға болады",- деді ол.
"Қазақ тіліне оқытуға мемлекетіміз әрқашан басымдық беретін болады",- деді президент. Сонымен бірге Қазақстанда "екі тілді, әсіре орыс тілі мен ағылшын тілін дамытуға мейлінше күш салынады",- деді Н.Назарбаев. "Ағылшын тілінің қажеттігі дүниежүзілік ағымға сәйкес туындап отыр, ал өзіміз жеттік білетін орыс тілі - жоғалтуға болмайтын байлық",- дейді Елбасы. "Қазір бұл тілді қазақстандықтар жаппай біледі". "Қазір ұлттарды осы орыс тілі біріктіріп отыр, ал қазақ тілі дәл осындай кіріктіруші роль атқару үшін әлі де уақыт керек",- деп атап көрсетті президент. "Біз осы бағытта жұмыс істеуіміз қажет. Дегенмен, асығып-аптығуға болмайды". "Егер біз қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кемел меңгере алсақ, бұл біздің ұлығаусар артықшылығымыз болар еді",- деп атап көрсеткен Елбасы: "осы тілдерді үйрету сағаттарын арттыра түсу қажет",- деді.