Елбасы Қазақстан кәсіподақ ұйымдары федерациясының ХХ сьезіне қатысушыларға құттықтау жолдады

"Бүгінде кәсіподақ ұйымдары республикамызда құрылған азаматтық қоғам институттарының арасындағы беделді ұйымға айналды",- делінген құжатта. Елбасының пікірінше, "нарықтық экономиканы және жаңаша өндірістік қатынастарды дамытуда, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде, әлеуметтік-экономикалық түйткілдерді шешуде еңбек ұжымдары маңызды роль атқарады".

Мемлекет басшысы "Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары мемлекетіміз бет алған үдемелі модернизациялық бағдарды жүзеге асыруға жан-жақты қолдап көмектеседі, бәсекеге қабілетті экономика құру мен халықтың әл-ахуалын жақсартуды демейді" дегенге сенім білдіреді,- делінген жолдауда.