Елбасы Қазақстан мен Бахрейн арасындағы сауда көлемінің артатынына сенім білдірді


арасындағы тауар айналым көлемі артатынына сенім білдірді.

«Бірақ екі ел арасындағы сауда-саттық әлі де төменгі деңгейде деп санаймын. 1,5 млн. доллар көлеміндегі өзара сауда деңгейі өте аз. Сіздің осы сапарыңыз, біздің кездесуіміз болашақтағы ынтымаққа, экономикалық қатынастарға зор ықпалын тигізеді деп сенемін», - деп түйді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы еліміз 2050 жылға дейін бағдарлама қабылданып, қазіргі кезде индустриялық стратегия жүзеге асырылып жатқандығын еске салып өтті.

«Бахрейн тарихи тұрғыдан алып қарағанда қысқа мерзім ішінде алдыңғы қатарлы дамыған индустриялық мемлекеттердің біріне айналды. Ол  - Сіздің жеке басыңыздың елге істеген үлкен қызметіңіз болып саналады. Осы орайда Бахрейн үлкен дәрежеге жетті. Сонымен бірге Бахрейн - мұсылман әлеміндегі ең ірі маңызды қаржы торабы, Ислам банкингінің орталығы болып саналады. Қазақстан да, Сіздің ел сияқты тәуелсіздік алғаннан бері үлкен қарқынмен дамып келеді», - деді Н. Назарбаев Хамад бен Иса әл-Халифаға қаратып айтқан сөзінде.