Елбасы Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығы қарсаңында бір топ азаматты ордендер мен құтмет грамоталарымен марапаттады

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, ордендер мен медальдарға ие болғандар қатарында кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық қожалықтар, қаржы секторының, шағын және орта бизнес өкілдері, өндіруші саланың қызметкерлері, мәдениет, ғылым, білім салаларының қайраткерлері, қоғамдық ұйымдар, қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау органдары, әскерилер, еңбек ардагерлері мен мемлекет қызметкерлері болды. Сонымен қатар, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс пен әлеуметтік салының 57 өкіліне табыс етті.

Ал Қазақстан республикасының құрмет грамотасын 229 адам иеленді.

Наградаға ие болғандар тізімі жергілікті баспа беттерінде жарық көреді,-деп хабарлайды президент баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті