Caravan Logo

Елбасы Қазақстан және Әзербайжан Республикалары арасындағы Каспий теңізінің түбін бөлісу жөніндегі келісімді бекіту туралы заңға қол қойды

Елбасы Қазақстан және Әзербайжан Республикалары арасындағы Каспий теңізінің түбін бөлісу жөніндегі келісімді бекіту туралы заңға қол қойды

Келісімге сәйкес Каспий теңізінің табаны мен оның тереңі екі мемлекет арасында орта сызық бойынша бөлінеді. Орта сызық жағалау мен аралдардағы бастапқы нүктеден бірдей қашықтықта орналасады.

Орта сызықтың географиялық суреттемесі мен оның координаттары өзара келісілген бастапқы нүкте жөніндегі картографиялық материалдар негізінде айқындалып, 2003-жылдың 27-ақпанында Баку қаласында қол қойылған Келісімнің хаттамасында заңдастырылған.