Елбасының пікірінше, бұл заңды "қаржы рыногының дамуына, қаржылық институттар санының артуына және тұрғындардың жинақтаған қаржысын қор рыногына тарту жоспарына сәйкес" жобалап қабылдау қажет.
"Мейлі шетелдік, мейлі отандық болсын, кез-келген инвестор өзінің құқығы заңмен қорғалғанына, оның қаржылық активтері мен жиған-терген қаржысы туралы ақпаратты қандай жағдайда да ешкім де ала алмайды дегенге сенімді болуы тиіс",- деді Елбасы.