Елбасы Қазақстанда жылына этностарға ризашылық күнін атап өтуді ұсынды


«Біз атап өтетін Қазақстан Халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды немесе кез келген басқа күнді барлық ұлттар мен ұлыстардың бір біріне деген және қуғынға ұшырағандарды қабылдап, мейірімдік танытқан қазақтарға деген ризашылық күні ретінде атап өткен дұрыс болар еді», - деп президент бүгін Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының  XXII сессиясында атап көрсетті.
Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай қадам барлық ұлт өкілдерін бір бірімен одан әрі жақындастыра түскен болар еді. «Бұл күн барша қазақстандықтың мейірімділік, достық пен сүйіспеншілігінің жарқын мерекесіне айнала алады», - дейді ол.