«Құрметті сардарлар, генералдар мен офицерлер, Отан қорғаушылар күні 7 мамыр екенін білесіздер. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы алдында кездесіп отырмыз. Осы екі мерекемен сіздерді шын жүрегімнен құттықтаймын. Біз ерлік пен елдіктің айбынын асқақтата түсетін осы екі мерекені бірге атап өтуді дәстүрге айналдырғанбыз», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы біздің бейбіт өмірімізді қас қақпай күзететін ұлттық армиямыз бүгінде кемеліне келгенін, ертең әскерімізді құрғанымызға 23 жыл болатындығын атап өтті.
«Ол - тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың тірегі. Халқымызда «Батыр туса - ел ырысы» деген сөзі бар. Сондықтан әсіресе қолбасшылар, генералдар, офицерлер өзінің жұмыс істейтін өңірінде басшы болып, үлгі болып саналады. Бауыржан Момышұлының «Еліңді сүймей ерлік істей алмайсың» деген сөзі бар. Сондықтан сіздерді патриоттар деп санаймын. Сіздер мінсіз қызмет ете отырып, жас ұрпаққа Отанды сүйюдің үлгісін көрсететсіздер», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы жоғары әскери шен мен атақ алған азаматтардың бұл қызметтерін мемлекет жоғары бағалайтындығын атап өтті.
«Қастерлі қас мереке қарсаңында бүгін дәстүр бойынша сіздерге жоғары әсери шен мен атақ тапсырайын деп отырмын. Лайықтылар қатарында Қаруыл күштер мен бірге құқық қорғау саласы, арнайы органдар өкілдері бар. Түптеп келгенде бәрінің қызметінің негізі - ол елдің елдің тыныштығын қорғау, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Адал еңбегіменен ел дамуына үлес қосу әр отандастарымыздың алдындағы міндеті болып саналады», - деді Н.Назарбаев.