Елбасы Қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне келуге шақырды

"Бұл сайлау бұрынғыдан өзгеше жағдайда өткізілуде" деп атап көрсеткен Елбасы осы қарсаңда Қазақстанда "Сайлау туралы" заңға өзгерістер енгізілгенін, "Саяси партиялар туралы" жаңа заң қабылданғанын еске салды. Сондай-ақ,

"алыс және жақын шетелдерден мыңнан астам бақылаушы сайлау барысын қадағалауда. Бұл бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш",- деді президент.
Н.Назарбаевтың айтуынша, бұл жолғы сайлауда "халық айрықша белсенділік танытып отыр". "Мәжілістегі әрбір орынға 9 адам таласуда",- деді ол. Бұл сайлау сондай-ақ еліміз үшін айрықша маңызды бағдарламалар - Тұрғын үй, Индустриялық-инновациялық, Мәдени мұра бағдарламалары жүзеге асырылып жатқан жағдайда өткізілгендігімен ерекше, деді Елбасы.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы тұрақтылық пен халықтар арасындағы достық үшін дауыс береді дегенге сенім білдірді.