Елбасы Қазақстанға жаңадан тағайындалған бірқатар шетел елшісінен Сенім грамотасын қабылдады


«Сіздерді дипломатиялық өмірбаяндарыңыздың жаңа парағын ашатын Қазақстанға, елордасы Астанаға келулеріңізбен, жаңа қызметтеріңізбен мен шын жүрегіммен құттықтаймын»,-деді ҚР Президенті Сенім грамотасын қабылдау рәсімінен кейін.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысына Сенім грамотасын Бельгия Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Мешель Петерманс, Армения Республикасының елшісі Ара Акопович Сааркян, Беларусь Республикасының елшісі Ничкасов Анатолий Иванович, Бразилия Федеративті Республикасының елшісі Деметрио Буэно Карвальо, Франция Республикасының елшісі Францис Этьен, Куба Республикасының елшісі Карлос Энрике Валдес де ла Консепсион, Катар мемлекетінің елшісі Абдулла бен Ахмед Юсиф Ахмед әл-Мутаваа табыс етті.