«Қазақстан Пәкістанды Оңтүстік Азиядағы маңызды, перспективалы серіктес ретінде қарастырады. Біз бұл елмен арадағы саяси-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүдделіміз. Қазақстан астық және ауыл шаруашылығы өнімдерін ірі көлемде өндіретін ел. Сондықтан Пәкістанға еліміздегі өнеркәсіп өнімдерін жеткізу мәселесін қарастыруымызға болады», - деді Елбасы,
Сонымен қатар, Президент Қазақстан тарапы Пәкістанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезіне, Астана экономикалық форумына белсенді қатынасуын жоғары бағалайтындығын атап өтті.