Елбасы Қорғаныс министрінің отставкасын қабылдады


Мемлекет басшысы кездесу барысында берген өтінішіне орай қорғаныс министрі Серік Ахметовтің отставкасын қабылдағанын айтты. Сонымен қатар Қазақстан Президенті ведомствоның басшылық құрамына жаңа министр - Иманғали Тасмағамбетовті таныстырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігі елдің мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды буын саналатынын атап өтті, сондай-ақ Қазақстан армиясының қару-жарағын одан әрі жетілдірудің және оны заманауи әскери техникалармен жабдықтаудың қажеттілігіне назар аударды.