Елбасы "ҚР Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану шаралары туралы" жарлыққа қол қойды

Жарлыққа сәйкес, әлеуметтік-экономикалық мәселелер топтамасына жауап беретін министрлерді парламент мәжілісі мен сенатының салалық комитеттерінде кандидатураларды алдын - ала талқылап барып тағайындау тәжірибесі қолданысқа енгізіледі. Ал еліміздің дипломатиялық өкілдіктерінің жетекшілері тиісті үміткерлер парламент сенатының салалық комитетінде талқылаудан кейін тағайындалады.

Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекет басшысы тағайындайтын төрағасы мен екі мүшесі бұдан былай кандидатураларды мәжілістің салалық комитетінде талқылаудан кейін тағайындалмақшы.
Сонымен бірге Н.Назарбаев парламент мәжілісіне Республиканың Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, оның орынбасары мен мүшелері лауазымынан үміткерлерге қатысты шешім қабылдамас бұрын бұл мәселе туралы сенатпен ақылдасуға нұсқау берді.
Парламент палаталарының төрағаларына президент ҚР Конституциялық кеңесінің тиісті мүшелерін мәжіліс пен сенаттың жалпы отырыстарында үміткерлерді талқылаудан кейін барып тағайындауға нұқсау берді.