Елбасы «ҚР Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

   
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлық

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Берік Мәжитұлы Имашев - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Әсет Өрентайұлы  Исекешев - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі;

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;


Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Ерболат Асқарбекұлы Досаев - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Жанар Сейдахметқызы Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;

Владимир Сергеевич Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                         Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 30 сәуір

                      №  5