Елбасы Қырымбек Көшербаевқа: Қызылордадан келсең де, қазақша бастамайсың

Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Аймақ әкімдері арасында Қарағанды облысынан кейін сөз алған Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев баяндамасын орысша бастағаны сол еді Елбасы оны тоқтатып:

"Қызылордадан келсең де, қазақша бастамайсың, ә?", - деді.


Облыс әкімі Президенттің ескертуіне "Қазақша білетінімді бәрі біледі емеспе. Сізге экономикалық терминдер ыңғайлы болсын дедім, рұқсат етіңіз", - деді Қырымбек Көшербаев.