- Біздің бұдан бұрынғы 2004 жылы өткен кездесуіміз маған терең әсер етті. Сіз Қытайға осымен бірнеше рет келдіңіз, алайда біздің елдеріміз арасында стратегиялық әріптестік орнағаннан кейін Сіздің алғашқы сапарыңыз осы болып отыр. Осы күндерде біз Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуының 15 жылдығын атап өтіп отырмыз. Осы орайда Сіздің сапарыңыз аса мәнді әрі маңызды болып отыр. Мен Сіздің сапарыңыз біздің қарым-қатынастарымызды одан әрі дамытуға және стратегиялық әріптестігімізді нығайтуға зор серпін береді деп сенемін, - деді У Банго.
- Сізге және барлық Қытай басшылығына жылы қабылдағаны үшін ризашылығымды білдіремін. Сіз кешегі күні Төраға Ху Цзиньтаомен табысты келіссөз жүргізгенімізді жақсы білесіз. Біз екі ел арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жәрдемдесетін маңызды құжаттарға қол қойдық, - деді Қазақстан президенті.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябаомен кездесті.
- Сіздің осы сапарыңыз зор маңызға ие. Өткен 15 жылдың ішінде біздер барлық саладағы ынтымақтастықты дамытуда үлкен табыстарға қол жеткіздік, - деп атап өтті В.Цзябао.
- Сіздер біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың дамуын жіті қадағалап, оның нығаюына жәрдемдесіп келесіздер. Шындығында да, осынау 15 жылдың ішінде біз көптеген табысқа қол жеткіздік. Кеше біз Төраға Ху Цзиньтаомен бірге талай жылғы ынтымақтастықты қорытындылап, оның нәтижелеріне көңіліміз толды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті