Елбасы Қ.Жақыповпен Мәжіліс қызметінің басты бағыттарын талқылады

Кездесу барысында Мәжіліс қызметінің негізгі бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысы Парламенттің Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету ісі жөнінде жемісті жұмыс жүргізгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ бүгінде депутаттардың алдында маңызды міндеттер тұрғанын, қазақстандықтардың әл-ауқаты соларды табысты жүзеге асыруға байланысты екенін айтты.