Елбасы Ресейдің Сочи Олимпиадасын табысты өткізуіне тілектестігін білдірді

Сочиде өтетін 22-ші қысқы Олимпиада ойындары ТМД аумағында алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын баса айтқан Елбасы: «Мен ең алдымен Ойындарды ұйымдастыратын  біздің стратегиялық серіктесіміз - Ресей Федерациясына оны жемісті өткізуіне, барлық ұлттық құрамаларға, біздің елімізге жарқын спорттық жеңістер мен үміттерді ақтауға тілектеспін», деді.

Сонымен қатар ҚР Президенті  миссия өкілдеріне 2022 жылғы 24-ші қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге берген Алматы қаласының кандидатурасына қолдау білдіретіндігіне сенім артатындығын баса айтты.