Елбасы Рига қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты ел Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Жеделхатта Мемлекет басшысының қайғылы жағдай туралы хабарды күйзеле отырып қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы атынан және жеке өз атынан шын ниетпен көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша Латвия халқына қайғыларына ортақтастығын білдірді.