Елбасы сайлау заңына түзетулер енгізу жөніндегі заңға қол қойды

ҚР Конституциялық кеңесі сайлау туралы заңға енгізілетін түзетулерді Ата заңға сәйкес деп тапқан болатын.

ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұл заң Қазақстанның сайлау жүйесін одан әрі жетілдіруге, азаматтардың сайлау құқығының сақталуына кепілдіктерді күшейтуге, сайлау процессінің ашықтығы мен сайлау комиссияларының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Хабарламада атап көрсетілгеніндей, сайлау заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар халықаралық сайлау стандарттарын ескеру негізінде жасалған.
Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.