Елбасы Шанхайдағы мұражайларды аралады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, телемұнара 460 метрге жететін биіктігіне қарай дүниежүзінде үшінші орында болумен бірге хабар таратушы телеорталық, туристік нысан және тарихи мұражай функцияларын біруақытта атқарады. Мұражай экспонаттары қаланың тарихын толық баяндайды.

Қазақстан президенті сонымен бірге Шанхайдағы қала салу мұражайының мұрағаттарымен танысты. Ол “Қала, адам, орта және даму” тақырыбына арналған. “Мұражай Шанхай қаласын дамыту жөніндегі бас жоспар және қала салу саласындағы жетістіктер жайында толық мағлұмат береді”, деп хабарлайды баспасөз қызметі.