Елбасы: Шетел инвесторларының капиталды шығындарының 30 пайызын мемлекет өтейді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 27-ші жалпы отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

 Елбасының атап өтуінше, мемлекет шетелдік инвесторларға нысандары пайдалануға берілгеннен кейін оларға кеткен капиталды шығындарының 30 пайызын өтейтін болады.

Инвестициялық жобаның іске асырылуының толық кезеңінде және нысан пайдалануға берілгеннен кейін 1 жыл бойы жұмыс күшін тарту қандайда бір квотасыз және рұқсатсыз жүзеге асырылатын болады», - деді Н.Назарбаев.