Елбасы шетелдік инвесторларды ашықтық туралы бастамаға бірігуге шақырды – толықтырылған нұсқа

“Компаниялардың ашықтығын арттыру мен есеп беру үрдісін енгізу үшін Қазақстан шикізат өндіру саласындағы ашықтық туралы Ұлыбританияның бастамасын қолдайды және оны қолдану бағытында жұмыстар жүргізуде”,- деді президент.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдаймен тау-кен өндірісі саласындағы 38 компания мен 52 қауымдастық пен бейресми ұйымдардың бастамаға біріккенін еске салды.

“Осы меморандумға қол қоюға басқа компанияларды да шақырамыз”,- деді Н.Назарбаев.