Caravan Logo

Елбасы ШЫҰ мерейтойлық саммиті қарсаңында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Елбасы ШЫҰ мерейтойлық саммиті қарсаңында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесті.

ИИР-ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына жылы шырайлы қабылдауы үшін өз ризашылығын білдірді.

- Біздің кездесуіміз достық көңіл-күйде өтті және өте сындарлы сипатта болды, - деді Махмуд Ахмадинежад кездесуден кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Келіссөздер барысында екіжақты әріптестіктің әртүрлі қырлары, сондай-ақ аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

- Биылғы жылы біз ШЫҰ-ның он жылдығын атап өтеміз. Мен мерейтойлық саммит барысында барлық өзекті проблемалар талқыланады деп сенемін. ШЫҰ-на мүше елдердің бай әлеуеті ұйымның кез келген мәселені шешуіне мүмкіндік береді, - деп атап өтті М.Ахмадинежад.

- Менің сапарым Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына тұспа-тұс келді. Мен халықтың еркінің және Президенттің данагөй басшылығының арқасында, сіздердің елдеріңіз даму қарқынының жоғары көрсеткішіне одан әрі қол жеткізе беретініне сенемін, - деп атап өтті Иран Президенті.